Қазақтың «өзім дегенде өгіз қара күшім бар» деген мәтелін жұртшылық ыңғайына қарай әртүрлі мағынада қолдана береді. Біз жақсы мағынасында қолданғанды қош көріп отырмыз. Мысалы, шариғатта әуелі тілекті өзіңнен бастап, содан кейін ата-ана, отбасы, ағайын-туыс, дос-жаранға тілеу сауапты іс саналады. Немесе ұшақта отырғанда қауіпсіздік маскасын әуелі өзіңіздің тағып, содан кейін жаныңыздағы сапарласқа жәрдемдесуді ескерту – авиация саласындағы бұлжымас ереже. Неге олай? Өйткені, кім болса да өзіне ешқашан жамандық ойламайды. Өмірде өссем, өркендесем, бір нәрсе тындырсам, қатарымнан қалмасам, байысам, бақытты болсам дейді. Жаратылыс заңы солай. Әңгіме тек сол табиғи өзімшілдікті ізгілікке, ілгерілеушілікке, мағыналы мақсаткерлікке бағыттай білуде.
Психология ғылымында индивидуализм және коллективизм деген бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар бар. Әлемге белгілі Хофстед, Триандис сияқты психолог ғалымдар осы екі ұғымның ара жігін ажырату бойынша әдістеме жасап, әлемнің 40-тан астам елінде сауалнама жүргізеді. Нәтижесінде, индивидуализмнің мәні – адамның жеке интеллектуалдық тәуелсіздігі, өмірде өзін өзі дәлелдеуі, дербес таңдауы, ой-пікірін айқын білдіруі тәрізді негізгі адами қасиеттерден құралатынын түйіндейді. Тіпті индивидуализм – дүниедегі барша тіршілік атаулыға ортақ сипат. Математик Лейбниц өзінің шәкірттеріне ағаштың бір-біріне дәлме-дәл келетін жапырақтарын тауып келуді тапсырыпты. Алайда, әрбір жапырақтың тек өзіне ғана тән пішіні мен сағағы болғандықтан шәкірттер тапсырманы орындау мүмкін еместігін мойындапты. Енді индивидуализмді қазақы қалыпқа салатын болсақ, әлгі өзіміз айтқан өгіз қара күші бар өзімшілдіктің құлағы қалқайып шыға келеді. Олай болса, өзімшілдік онша жаман қасиет емес екен ғой деген пайыммен ойымызды одан әрі сабақтасақ.
Енді коллективизмге келейік. «Бәрін айт та, бірін айт, коллективтің жырын айт» деп жетпіс жылдай ортақ өгіздің жонын сипап, жолын тазалаған ұжымдық кезең қоғамды енжарлыққа, немқұрайдылыққа, бірсарындылыққа итермеледі. Дербес тұлғаның жаңа биіктерді бағындыруға деген мүмкіндігі, былайша айтқанда, маневры болмады. Қойшы қой бақты, диқан егін екті, токарь темір жонды. Қатардағы жұмысшы станокты қосып, өшіріп жүріп өзі де машинаның бір қосалқы бөлшегіне айналып кеткенін сезбеді. Бұған қоса, тамыр-таныстықпен диплом алып, талтаңдаған бастық болғысы келетіндердің саны артты. Көкем аман болса биікке көтереді, жәкем тұрғанда жерде қалмаймын деушілердің қатары көбейді.
Қазір ше? Капитализмнің қатал заңдылығы көкенің көмегіне көне ме? Батыс елдерінде біраздан бері «self-made man» деген ұғым кең тараған. Қазақша аударғанда «өзін өзі жасаған адам». Ұлттық ұғыммен жеткізсек, бір құдайдан басқа тірі пенденің көмегінсіз көсегесі көгерген азамат. Бұл ұғымды бастапқыда Американың мемлекет қайраткері Бенджамин Франклин енгізген деген сөз бар. Адамның ішкі жан дүниесі мен сентиментализміне онша қызықпайтын Франклин негізінен, нақты тұлғаның өмірдегі әрбір іс-әрекетін, қиындықты жеңе білу тәсілін, нәтижелерге қол жеткізу жолдарын көбірек зерделеген. Тірлігін таза парақтан бастап, бүгінде байлығымен барша әлемді таңғалдырған Генри Форд, Билл Гейтс, Стив Джобс сияқты миллиардерлер осы «self-made man» тізімінің алдында тұрған алғырлар. Шығармашылық жағына келсек, әскери инженерден ұлы жазушыға айналған Федор Достаевскийдің тағдыры да осы тізімді толықтыра түспек.
Сонымен, self-made философиясы адамның ешкімнің ықпалына жығылмай өз өміріне толықтай жауапкершілік алу, көлденең кедергілерді жеңіп, нақты мақсатқа қол жеткізу нәтижесімен өлшенеді. Күнін босқа өткізіп, самайын күнге ағартатын тоғышарлар self-made адам үшін бітіспес жау. Self-made man уақыттың сұранысында болу үшін күнделікті танымдық ақпараттың орасан ағынын өзінің зердесі арқылы өткізеді. Айталық, ол тіс дәрігерінің кезегінде отырып, уақытын өлтірмей ғылыми журналдарды парақтайды, кептелістерде танымдық аудио кітап тыңдайды, қолы қалт етсе түрлі тренингтер мен семинарларға, курстарға барып біліктілігін арттырады. Яки, өзімшілдігі тікелей өзіне, дос-жаранына, тұтастай қоғамға пайда әкелмесе, зиян шектірмейді. Түптеп келгенде, бүгінгі заманның игілігі мен жемісін көретіндер де осы self-made man немесе Абайша айтқанда «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген қағидатты ұстанатын «өзімшілдер» болмақ.
«Мешкей деген жақсы ат емес» демекші, өзеуреген өзімшілдік те соншалықты тәлім алар тәуір қасиет емес. Әсіресе, өзінікін таңсық, өзгенікін қаңсық көретін сабырсыз, сауатсыз, сауапсыз өзімшілдік дүниеқоңыздықтан туар дүрдараздықты өршітіп, қоғамда қолайсыз ахуал қалыптастырады. Бірақ біздің айтайын дегеніміз басқа өзімшілдік...
Ортақ әліпби жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті
Қазақстан • Кеше
Цифрлық даму министрлігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болады
Қазақстан • Кеше
Жыл басынан бері 514 зорлық-зомбылық әрекеті тіркелген
Аймақтар • Кеше
Aбай университетінде ашық есік күні өтті
Университет • Кеше
Мереке күндері ауа райы жылынады
Ауа райы • Кеше
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
Айбын • Кеше
Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты
Қоғам • Кеше
Әскеріміз түрлі қатерге сақадай сай тұруға тиіс - Президент
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы әскерилерге арнаулы атақ пен шен берді
Президент • Кеше
ҰБТ-2024: Өтініш қабылдау басталды
Білім • Кеше
Астаналық екі балуан Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?
Қазақстан • Кеше
Алматы облысы Кеген ауданында жер сілкінісі сезілді
Аймақтар • Кеше
Жайықтың су деңгейі Тайпақ ауылы тұсында қауіпті межеден асты
Аймақтар • Кеше
Жеңіс күніне орай безендірілген пойыз жолға шықты
Қоғам • Кеше
Танымал әнші 21 отбасыға баспана сыйламақ
Өнер • 05 Мамыр, 2024
Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді
Денсаулық • 05 Мамыр, 2024
Еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • 05 Мамыр, 2024
Бәріңізге түсінікті болу үшін...
Қоғам • 05 Мамыр, 2024
Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден асты
Аймақтар • 05 Мамыр, 2024
Бразилияда 50-ден астам адам су тасқынынан қайтыс болды
Әлем • 05 Мамыр, 2024
Соғыс ардагерлеріне 9 мамырға орай біржолғы әлеуметтік көмек төленді
Үкімет • 05 Мамыр, 2024
Қазақстан спортшылары әртістік жүзуден әлем кубогының жеңімпазы атанды
Спорт • 05 Мамыр, 2024
Қазақстанның үш азаматы терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды
Қоғам • 05 Мамыр, 2024
Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • 05 Мамыр, 2024
Бұршақ жауып, үсік жүреді: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Ауа райы • 05 Мамыр, 2024
Ақмола облысы полициясының лауазымды қызметкері мас күйінде ұсталды
Заң • 05 Мамыр, 2024
Әкемнің кім екенін білгенде, таңғалдым: Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы сыр шертті
Өнер • 04 Мамыр, 2024
Қазақстан-Қатар арасындағы тауар айналымы 50%-ға артты
Экономика • 04 Мамыр, 2024
Қазақстанда Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды
Табиғат • 04 Мамыр, 2024
Биылғы су тасқынынан қанша мектеп ғимараты зақымданды?
Қоғам • 04 Мамыр, 2024
Аймақтар • 04 Мамыр, 2024